Республика күні қарсаңында теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері мемлекеттік тумен парад алаңында сапқа тұрды.
Екі апта бұрын қызметке шақырылған жас сарбаздар мемлекеттік туды көтеріп парад алаңында салтанатты марш жасап, құттықтау видео түсірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғын үйлер мен әскери казармалардың терезесі, балконы Мемлекеттік Тумен безендірілді.
«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бұл мереке – көпұлтты халықтың бірлігін, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігімізді, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетін айқындайды. Сізге зор денсаулық, жоспарларыңыздың орындалуын және туған еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілейміз», - деді әскерге шақырылған жаңадан келген қатардағы жауынгер Асылбек Болатбай.
#republicday