Ақтаулық тұрғындар 17 ш/а " Флоренция " тұрғын үй кешенінің кіре берісінде көл боп аққан қан мен оның шашыраған іздерін және сынған шөлмектің қалдықтарын көрген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желі беттерінде тарауда.
Алайда бұл оқиға туралы Маңғыстау облысы полиция департаментіне ешқандай қоңырау келіп түспеген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір полицейлер оқиғаның себептерін анықтау үшін бейнебақылау камераларын зерттеуде. Қосымша ақпаратты кейінірек жариялауға уәде берді.