Облыс әкімінің бірінші орынбасары, Ақтау қаласының әкімі және “МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС басшылығымен бірлесіп, резервуарлардың толымдылық деңгейін тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазіргі уақытта Сумен жабдықтаудың орталық торабы резервуарларына су жинау процесі жүріп жатыр.
“Тұрғындарды ыстық сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру үшін Сумен жабдықтаудың орталық торабы резервуарларын толтыру қажет. Қазір дистилляциялық тұзсыздандыру қондырғысы толық жұмыс істемейді. Ол үшін резервуарларды сумен толтыру керек. Су көлемі тиісті деңгейге жеткенде жөндеуді бастаймыз”, - деді Ақтау қаласының әкім Е. Ізбергенов
Су қоймаларының толымдылығы су құбырларын жабу арқылы артады. Қондырғылар сумен толтырылған кезде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.