67 жұмысшы үшін ереуіл заңсыз деп танылды. Қазір сотқа «Трансабис» және «Техно Трейдинг ЛТД» компаниялары жұмысшыларының ереуіліне қатысты да талап-арыздар түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
«Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлердің ереуілге қатысуын жалғастырған жағдайда, еңбек шарттарын бұзуға құқылы», делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Өткен жылы соттар 17 ереуілді заңсыз деп танып, оған қатысқаны үшін әртүрлі кәсіпорындардың 137 қызметкері жұмыстан босатылған.
Қазір Маңғыстау облысы бойынша ресми тіркелген 17 мың жұмыссыз бар.