Мұнайлы ауданы аумағында 27 ақпан мен 10 наурыз аралығында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Рейд барысында Мұнайлы АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 170-тен астам қару иелерін тексеріп, қару сақтау ережесін бұзған 11 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 484,486 баптары бойынша әкімшілік хаттама жасақтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық полиция бөліміне сілтеме бере отырып.