© © Фото achruo.edusite.ru
Соңғы 5 жылда Каспий теңізіне 58 адам батып қайтыс болған, оның 14-і кәмелетке толмағандар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жазатайым оқиғалар судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан, яғни тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, мас күйде шомылу сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болған.
Судағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 364 және 412 баптарына сәйкес жауаптылық көзделген.
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін облыс прокуратурасы суға шомылу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.