© Иллюстративное фото
2022 жылы туған бала Каспий теңізіне батып кетті. Қайғылы оқиға Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі суға түсу үшін жабдықталмаған аймақта болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ТЖМ сілтеме жасап.
Баланың денесі судан шығарылып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
- Оқиғаның мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр. Сіздерді судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз», - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.