Ақтау қалалық сотында сеніп тапсырылған мүлікті аса ауқымды көлемде заңсыз иемдену және ұрлағаны үшін айыпталған «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» (АМСК) ЖШС-нің директоры Б-ға және «ӨзенМұнайГаз» АҚ -ның №3 мұнай-газ өндірудің (ӨМГ) директоры С-ға қатысты (ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен) қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«31.05.2018 жылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ мен «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-і арасында 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған ұңғымаға сорғыны қысу құбырын электрцентрифугалық сорғыны орнатуға арналған толық жабдықты жалға алу бойынша қызметтер көрсетуге келісім жасалған.
Алайда, шығынға ұшырағысы келмеген сервистік компанияның басшысы Б. шарт талаптарын бұза отырып, сорғыны қысу құбырын сатып алмаған.
Оның орнына 2020 жылғы қаңтарда Б. жалдамалы себептерден, сондай-ақ шарт талаптарын бұзу фактісін жасыру және тапсырыс берушінің «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-ға айыппұл салуын болдырмау мақсатында тапсырыс берушіге тиесілі сорғыны қысу құбырын пайдалану және жабдықтарды жалға алу үшін негізсіз төлем алу арқылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ қаражатын ұрлауға бағытталған қылмыстық ниетке кіріскен.
Өзінің қылмыстық ниетіне қол жеткізу үшін Б. «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС Жаңаөзен филиалының директоры И. арқылы НГДУ-3 С. директорынан сорғыны қысу құбырының қажетті көлемін «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-ге босатуға келісім алады.
Б. және С-ның бiрлескен заңсыз iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде, 06.02.2020-11.01.2021 жылға дейінгі кезеңде «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ы «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-ге 108,4 млн. теңге сомасында 2308 дана сорғыны қысу құбырының құны мен оларды жалға алу құнының 21,7 млн. теңге сомасын ұстап қалмай, толық төлем жасаған.
Осылайша, Б-ның заңсыз иемдену арқылы ұрлап, өз қалауы бойынша кәдеге жаратуы нәтижесінде, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ы атынан мемлекет жалпы сомасы 130,1 млн. теңге көлемінде аса үлкен көлемде шығынға ұшыраған.
С. және Б. ортақ мүддеге сай әрекет ете отырып, «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС-нің «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі сорғыны қысу құбырын пайдаланғанын біле тұра, тиісінше сорғыны қысу құбырын жалға алу сомасы мен олардың құны шарт сомасынан алып тастап, әдейі қандай да бір шаралар мен іс-әрекеттер жасамай, ұсынылған жұмыстар туралы актілерге толық құнына қол қойған.
Осылайша, С. «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның сеніп тапсырылған қаражатын заңсыз иемдену арқылы әдейі ұрлап, жалпы сомасы 173,7 млн. теңге болатын аса ауқымды көлемде материалдық залал келтірген», деп жазылған Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, маманның қорытындысымен, кепілхатпен, орындалған жұмыстардың актілерімен, тауар-транспорттық жазбалармен және өзге де істегі материалдармен дәлелденді.
«ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 7-жылдан 10-жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың кішкентай балаларының барын таныса, ауырлататын мән-жайлар ретінде төтенше жағдай кезінде олардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы аса белсенді рөлдерін таныды.
Сот үкімімен С. ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оны белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, Б-ға мұнай-газ саласы саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«ӨМГ» АҚ-ның азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Б. мен С-дан «ӨМГ» АҚ-ның пайдасына 130 108 118 теңге өндірілді», деп хабарлады қалалық сот таратқан ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.