Сайөтес халқы аязды күні жолда қалған жолаушыларға көмектесіп, үйіне апарған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сайөтес ауылының әкімі Сабыржан Абдиевтың айтуынша, оқиға 10 желтоқсан күні кешке болған. Яғни Бейнеу-Ақтау тас жолының уақытша жабылуынан 150 фура, 60-70 шақты жеңіл көлік аялдап қалған. Сайөтестің тұрғындары жол патрульдік полициясының көмегімен жолаушыларды ауылға кіргізіп, үйінде түнелткен.