Маңғыстау ауданында тұратын Сайлаубай Ұшқанбаев кәмелет жасына толғаннан бастап сайлау атаулыға бармай қалған кезі жоқ. Мұндай белсенділікке оның әдемі есімі міндеттейтіндей көрінеді.
Ол дүниеге келген күні, яғни 1954 жылғы 14 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп жатқан. Ал ел үшін маңызды саналатындықтан сайлау өтетін күн қашан да ерекше мереке іспетті.
-Мен Әбіш Кекілбаев туған Онды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүние есігін ашыппын. Сол күні өмірге келіп жатқан маған ауылда дауыс жинап жүрген руы Шегем Бекқали деген кісі ойланбастан осы есімді қойыпты. Ата-анам да, бүкіл әулетіміз де маған Сайлаубай деген ат қойылуына қуана келіскен сияқты,- деп жымияды ол.
Қырық бес жыл кеңшарда көлік жүргізуші болып еңбек еткен ол бүгінде құрметті демалыста. Өмірлік жары Күнімкүл екеуі бес бала тәрбиелеп өсіріп, солардан тарап жатқан немере-жиендерінің қызығын көріп отыр.
Бүгінгі ҚР президентін сайлауға да Сайлаубай Ұшқанбаев қалыптасқан әдетін бұзбастан, жұбайымен бірге келіп, дауыс берді.
- Өз таңдауымызды жасадық. Ертеңгі күні елімізді басқаратын Президентіміз жаңарған Қазақстанымызды өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында аянбайды деген үмітіміз бар. Жаһанда болып жатқан жамандықтар бізден тыс қалып, еліміз аман