Ресей Федерациясының Ставрополь өлкесінде орналасқан «Узень» емдік-курорттық кешенін мемлекет меншігіне қайтару процесі аяқталуға жақын. Ол бұған дейін жекеменшікке нақты құнынан 7 есеге арзанға сатылып кеткен еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шипажай бір кездері Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларының біріне тиесілі еді. Кейін мемлекет меншігіне өткен соң, бос тұрды. Кейін жекешелендіру туралы шешім қабылданып, 60 миллион теңгеге жекеменшікке сатылды.
«Төмен бағамен сатылды. Біздің акт бойынша жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган тексеріп, фактілер расталды. Кешен мемлекет меншігінен заңсыз шығарылған, яғни аукцион талаптары бұзылған, мүлдем арзан бағамен сатылған. Қазіргі есеп бойынша – ол 400 млн болуы керек. Ақшаны қайтару туралы сотқа талап арыз берілді. Қазір шипажай мемлекет меншігіне өту сатысында», - деді облыс прокуратурасы.