Прокурорлар есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын 15 сайтты бұғаттаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Прокуратураның мәліметінше, өткен жылы Каспий теңізі арқылы аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған Иран азаматтары ұсталған. Олар Кендірлі маңында есірткіні көліктерге қайта тиеп жатқан кезде ұсталды. Барлығы 20 келіге жуық апиын тәркіленген.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының 3 тұрғыны Ақтау қаласында синтетикалық «Мефедрон» есірткі затын заңсыз сатып жүргені анықталып, олардан 3 келі «синтетика» тәркіленген.