Кәсіпкер Жетібай ауылдық полицейлерінің әрекетімен келіспей, Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері кәсіпкерде көлік пен жүктің ілеспе құжаттарына қарамастан, жүк тиеу кезінде кәсіпкердің көлігін негізсіз ұстаған.
Осыған орай полиция бөлімі мен кәсіпкер арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу соңында көлік пен жүк иесіне қайтарылды. Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген қызметкерлерге қатысты материал шара қолданылу үшін полиция департаментіне жолданды.