Ақтаудағы 34-шағынауданда орналасқан облыстық “Ана мен бала орталығындағы” жүкті әйелдер мен жаңа босанған аналар маңызы зор саяси науқаннан тыс қалмай, белсенді ат салысып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Перзентханада жылжымалы жәшік орнатылып, келіншектердің кедергісіз дауыс беруіне жан-жақты қолайлы жағдай жасалған.
12 қараша күні алтыншы перзентін босанған Гүлзат Алибаева да өз таңдауын жасады.
"Мен еліміздің ертеңіне, балаларымның жарқын болашағына сенемін. Сондықтан сайлауға қатысуды азаматтық борышым деп санаймын. Осы күнге дейін барлық саяси науқандарға қатыстым. Бұл жолы перзентханада дауыс беремін деп мүлдем ойламадым",-дейді көпбалалы ана.
Зинегүл Ханова үш баланың анасы. Ол да өз дауысын берді.
"20 қараша күні түнгі сағат 12-ден таңғы сағат 8-ге дейін үш сәби дүниеге келді. Өткен тәулікте 25 ана босанды. Қазіргі таңда босану бөлімінде 6 ана жатыр. Бүгін стационарда 272 келіншек жатыр. Күндізгі сағат 10-ға дейін 82 келіншек дауыс берді. Жауапты қызметкерлер бекітілді. Жаңа босанған келіншектер мен отадан шыққан аналардың денсаулығын ескере отырып, палаталарына арнайы жылжымалы жәшік жеткізілді. Келіншектер саяси науқанға белсенді ат салысуда",- дейді облыстық "Ана мен бала" орталығының директоры Жапырақ Епенова.