Дзюдо федерациясының хабарлауынша, 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
7 маусым күні Алматыда 60 келіге дейінгі салмақта спартакиадаға қатысатын спортшы анықталды.
- Қарсыластары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевты жеңіп, Париж Олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алған Елдос Сметов болды. Парижде барлығы сегіз қазақстандық дзюдошы өнер көрсетеді. Олардың жетеуі жекелей жарысқа қатысса, бір спортшы аралас командалық жарысқа квота алды, - делінген федерация таратқан хабарламада.
Әйелдер: Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Камила Берлікаш (78 келіден жоғары), Есмигүл Куюлова (аралас жарыс).
Ерлер: Елдос Сметов (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін), Данияр Шамшаев (73 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін).
Парижде болатын ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан жарыс 27 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді.