Маңғыстауда Отпан тауда «Амал - алашқа ортақ мереке» шарасы аясында Халық әртісі Роза Рымбаеваның концерті бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дәстүрлі мереке аясында "Қарашаңырақ" алаңындағы сахнада Маңғыстау ауданы көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасы бастау алып, соңы белгілі өнер иесінің концертіне ұласты.
Маңғыстау жұртымен қауышқан өнер иесі көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.
"Бүгін көптен көріспеген елдің жиналып, Отпан тауда жиналуы үлкен ғанибет. Келген мереке құтты болсын! Мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Құрметтеп шақырғандарыңызға көп рахмет. Өте қатты толқып отырмын. Той тойға ұлассын", - деді Роза Рымбаева.
Айта кететін жайт, бүгінгі мерекеде адам қарасы көп. Облыстан бөлек республиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтар да бар.
Ақтөбе облысынан Амал мерекесіне арнай келген Сағындық Жетіғарин да өзінің әсерін бөлісті.
"Амал мерекесі Маңғыстауда ерекше тойлады. Жыл бастауы саналатын бұл күн ұлттық мереке. Еліміз аман болып, осындай қуанышты күндерді атап өту үлкен бақыт. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, - деді Сағындық Жетіғарин.