Ашық есік күні әйелдермен қоса ер азаматтар да онкологиялық орталыққа келіп, тегін тексеріле алады. Деп хабарлайды mangystaumedia.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онкологтар кеуде қуысының компьютерлік томографиясын және өкпенің төмен дозалы томографиясын түсіреді. Ол үшін келуші 50 жастан асқан болуы керек.
Сондай-ақ, орталықта органдарды ультрадыбыстық зерттеу, маммография және әйелдерге арналған сұйық цитологияны алу қарастырылған. Тұрғындарды хирург, онколог, онкогинеколог және уролог дәрігерлер қабылдап, тегін кеңес береді.
Онкологиялық орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, осындай «Ашық есік күнінің» арқасында өткен жылы облыстың 1000 тұрғыны диспансерлік есепке алынған. Ал, жыл басынан бері бұл сан 240 адамға жеткен.