Кеше кешкісін Маңғыстау облыстық ауруханасының урология бөлімшесінде өрт қаупі болып, 470 адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды, mangystaumedia.kz сайты.
«20 қыркүйек күні кешкісін сағат 22:38-де облыстық аурухана ғимаратынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 6 қабатты ғимараттың 3 қабатында орналасқан урология бөлімшесіндегі медбике шаруашылығы бөлмесінің желдету каналында жану ошағы табылды. 470 адам. эвакуацияланды, оның 150-і ТЖД күшімен, қалғаны өз күшімен қауіпсіз жерге шықты. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелген жоқ. Қауіп 23-31-де жойылды. Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеуде» делінген ТЖД берген ақпаратта.