Құрметті ақ жаулықты әжелер,
ардақты аналар, қымбатты қыз-келіншектер!
Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел жанының жылулығы мен сұлулығы, мейірімділігі мен кеңдігі әлемге рух береді. Әйел жаратылысы нәзік болғанымен, бойындағы күш-қуаты, дархан жүрегі кең дүниені тербейді. Мұны ата-бабаларымыз «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.
Ана сүтімен барша халықтың рухы, арман-үміті болып табылатын тілі мен тарихы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына дариды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әйел-аналарымыздың белсенді еңбектерінің арқасында Қазақ елі көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, талай асулардан өтті. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аналардың рөлі баға жетпес. Бұл асыл еңбек шынайы құрметке лайық» деп атап өткен болатын. Расымен де бүгінде нәзікжандылардың қоғамдық және саяси өмірге қатысуы тұрақты түрде артып, кез-келген салада үйлесімділікті нығайтуға ықпал етіп келеді.
«Әкеден - өсиет, анадан - қасиет» демекші, ақылымен елді аузына қаратқан, үлгілі ұрпақ таратқан, аяулы аналарымыз ұлын ұлағатты, қызын парасатты қылып тәрбиелеген. Ердің намысын да, елдің тыныштығын да осындай азаматтар қорғайды.
Осындай шуақты мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз бақыт ләззатына, қуаныш пен шатыққа кенеле берсін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев