Жұлдыз Кұлманова Ақтаудағы тергеу изоляторында қамауда отырған адамдардың барлығын бақылайды. Әділет сержанты Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД № 77 мекемесінде бір жарым жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ол бірнеше рет ішке тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандардың жолын кескенінін ерекше атайды. Мәселен, өткен жылы ол тез дайындалатын кеспеден сіріңке қорабының көлеміндей 3 кішкентай ұялы телефон тауып алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Шектен шыққан әрекетке барған адам телефондарды целлофан мен фольгаға орап, содан кейін кеспенің арасына салған. Құрылғыларды сотталған адамның танысы ішке беріп жібергісі келген. Ол адам өзін өте сабырлы, сенімді ұстады. Бұл маған бірден байқалды әрі тексеру кезінде телефондарды бірден таптым. Тергеу изоляторына кіретін жерде үнемі адамдардың кезегі көп болады. Ішке өткізу мүмкін болатын заттардың алдын алу үшін мұндағы қызметкер психолог болу керек, - дейді Жұлдыз Кұлманова.
Әріптестері Жұлдызды “рентген сияқты” деп жиі қалжыңдайды. Ол адамдарды және олар әкелген заттарды “сканерден” өткізгендей бірден байқайды. Жұлдыз былтырғы естен кетпес бір оқиғаны еске алды. Сотталғандардың бірінің танысы заңсыз түрде ішке заттарды өткізуді ұйымдастырғысы келді. Ол орамалға ақша орап, оны ішіне жасырды. Тексеру кезінде ол іші ауырғандықтан орамал орап алғанын айтты. Сондықтан оны тексерудің қажеті жоқ еді.
"Мен бірден күдікті нәрсе бар екенін түсіндім. Ол өзінн жасанды әрекеттері арқылы бірден назар аударды. Біздің мекеменің ережелерінде қатаң жазылғанына қарамастан өзін тексертуден бірден бас тартты. Мұнда келген адамдарды тексерусіз тергеу изоляторына жіберуге құқығымыз жоқ. Мен одан орамалды шешіп тастауды сұрағанда, ол дүрбелең тудырып, ашулана бастады. Содан кейін мен оны тексергенде жасырылған ақшаны таптым. Олар ақ шұлыққа оралған екен. Орамал ақ түсті, шұлықтары ақ түсті болыр шықты. Ол біз мұнайды байқамайды деп ойлаған шығар", - дейді СИЗО қызметкері.
Жұлдызға тек қызмет қана емес, сонымен қатар үй шаруасы да аса маңызды. Оның үш баласы әрдайым ынталандырып отырады. Өткен күзде Жұлдыз заңгер мамандығын алды. Болашақта офицерлік шенді иеленуді жоспарға қойған.