Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нұрдәулет Игілікұлы қала және аудан әкімдеріне көрші Атырау облысындағы су тасқынымен күрес кезінде азаматтық позициясын көрсетіп, белсенділік танытқан қарапайым тұрғындарды тауып, алғыс білдіріп, марапаттауға тапсырма берді.