Мұнайлы аудандық сотында төрт адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот сотталушылардың бірі 2023 жылдың 1 наурызында сағат 02:30-да бөтеннің мүлкін ұрлау туралы алдын ала сөз байласып, қылмыстық жоспар құрғанын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар газ құю бекетінде жұмыс істеп жүрген кәмелетке толмаған жәбірленуші С-ға шабуыл жасаған. Сотталушылар жәбірленуші С-ны тапаншамен, пышақпен қорқытып, кассадан 52 000 теңге және құны 220 000 теңге тұратын "Huawei" маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс болған жерден қашып кеткен.
"Сот үкімімен сотталушылар ҚК – нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, Б мее Р-ға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, И мен Е-ге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.