Халықаралық әйелдер күніне орай Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев «Жанарыс» тігін фабрикасының Мұнайлы аудандық филиалында жұмыс істейтін әйелдер қауымын құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыс әкімінің бастамасымен кәсіпорынның 70-80 пайызын әйелдер құрайтын ұжымды құттықтай келіп отырмыз.
Барлығыңызды халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Облысымыздағы шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосып жүре беріңіздер. Сіздер жұмыс істесеңіздер фабрика, фабрика жұмыс істесе облысымыздағы мұнай мекемелері де өз қызметін тоқтатпайды. Бұл – бір-біріне көмек көрсететін механизм іспеттес, - деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев.
Алғыс хатпен марапатталып, гүл шоқтары табысталған кәсіпорын қызметкерлері де өз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
- Мен осы тігін фабрикасында 2019 жылдан бері жұмыс істеймін. Біздің бастықтарымыз да кішіпейіл, мейірбан. Ұжымның ауызбіршілігі мол. Өз жұмысымыз ұнайды. Алланың жәрдемімен кәсіпорынымыздың мерейі өсе берсін. Құттықтап келіп, марапаттап жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын, - деді кәсіпорын қызметкері Алтыншаш Айтжановна.