Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Абдулазиз Мажитов М. Жұмабайұлының 130 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен қазақша сөйлеймін» байқауында бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұнайлы мұғалімінің ұлты - өзбек. Десе де ол қатысушылар ішінен Мағжан өлеңін мәнеріне келтіріп оқып, тіл тазалығымен ерекшеленген.
Байқауды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған. Оған елдің барлық өңірінен 18 өзге этнос өкілдерінен тұратын 200-ге жуық адам қатысты.