Жаңаөзен қаласындағы «Самал» шағын ауданы, №16 бастауыш мектепте орналасқан №88 сайлау учаскесінде мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жібек Бекова дауыс берді. Жібек апа мемлекеттік қызметке 19 жаста келген. Содан зейнетке шыққанға дейін өз ісін адал атқара білді.
-Бүгін елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдау ісіне атсалысуға келдім. Еліміздің келешегі, тағдырына алаңдаушылық әрбір ұлтжанды азаматтың бойында болатын ізгі қасиет деп білемін. Мен елімнің ертеңгі күнде дамығанын, тыныштықта өмір сүргенін қалаймын. Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Бұл сайлау өзге сайлаудан өзгерек. Тың өзгерістер өте көп. Жастар саясатына да жаңа өзгерістер, жаңа леп алып келеді деген сеніміміз кәміл. Сайлаудан да, келешектен де мол жақсылық күтемін,- дейді Жібек Бекова.