Жаңаөзен қаласына іргелес Қызылсай ауылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдаберген Каменов өз сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс берді.
Алдаберген Каменов өтіп жатқан саяси науқанға байланысты өз ойымен бөлісті.
-Еліміздің әрбір азаматы белсенділік танытып, сайлауға қатысып, өз позициясын демократиялық жолмен көрсетуі керек. Сайлау құқығын пайдалану - азаматтық қоғам құрудың негізі. Азаматтық қоғам мықты болған жағдайда ғана мемлекет дамиды, өсіп-өркендейді,-деді ол.
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.