Астанада өткен WKF каратэден юниорлар және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Каратэден (WKF) юниорлар мен жастар (U21) арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің 16 өңірінен 441 спортшы қатысты.
Жалпы командалық есепте Маңғыстау облысы 1-орын, Жамбыл облысы 2-орын, Алматы қаласы 3-орын иеленді.
Маңғыстау құрамасының қоржынына спортшылар 6 алтын, 6 күміс, 6 қола жүлде салды.
Атап айтқанда, ката бағдарламасы бойынша 3-орынды Артур Саидав (14-15жас) иеленсе, 1-орынды София
Ключник (16-17жас) жеңіп алды.
Сонымен қатар, кумите бағдарламасы бойынша +70 келі салмақта Нұрсұлтан Нұрғалиев (14-15жас), -61 келі салмақта Айшабибі Шарахан (14-15жас), -55кг салмакта Бақытжан Джалгасбай (16-17жас), +66 келі салмақта Асылай Савидова (16-17жас), -67 келі салмақта Айдос Мұхат (18-20 жас) жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Сондай-ақ, -54 келі салмақта Әсел Сағидулла (14-15жас), -59 келі салмақта Әсел Қаржау (16-17жас), -61 келі салмақта Гүлнұр Қойшыбай (14-15жас), -76 келі салмақта Андрей Базаев (16-17жас), -55 келі салмақта Жаңғазы Наптал (18-20 жас) және -60 келі салмақта Олжас Алтынбек (18-20жас) жарыстың күміс жүлдегерлері атанса, -52 келі салмақта Нұрбек Сейлхан (14-15жас), -70 келі салмақта Қолқанат Мұрынбаев (14-15жас), -68 келі салмақта Ахмет Нысанбай (16-17жас), -75 келі салмақта Ердос Уалиханов (18-20 жас), -84 келі салмақта Бекарыс Қалшабек (18-20жас) қола жүлдегер атанды.
Аталған жарыс 3-5 ақпан аралығында өтті.