Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Карина Оңғарова шетелдің белді 3 университетінен оқуға шақырту алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Атап айтқанда, маңғыстаулық оқушы АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд мемлекеттік университетіне, Сингапурдағы Джеймс Кук университеті, және БАӘ Дубайдағы Heriot-Watt университетіне оқуға мүмкіндік алды.
"Күзде жоғарғы оқу орындарына түсуге құжаттар тапсырып, желтоқсан айының басында жауабын алдым. Бұл шақыртулардың алды, әлі 10-ға жуық университеттен жауап күтіп отырмын. Содан кейін оқу орнын таңдаймын", - дейді Карина Оңғарова.
Айтуынша, ол бизнесті басқару мамандығын таңдап отыр. Ал шетелде білім алудағы басты мақсаты - білім мен мықты тәжірибе жинау арқылы Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер сыйлау.