Алғашқы қоңырау салтанатында әнұранды бар дауысымен шырқаған оқушы елді сүйсінтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мектеп табалдырығын аттаған балақайдың әнұранды жан дауысымен орындап тұрған видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Желі қолданушылары оқушыға сүйсініп, тілегін жаудырды. Халық «Батыр бала», «Жарайсың!», «Рухты бала» деген пікір жазған.
Айта кетейік видео Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылындағы 16 мектебінде түсірілген.