Елімізде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 40-тан аса экобелсенді, нақты айтар болсақ жас педагогтер, табиғат жанашырлары, Туризм колледжінің студенттері Ыбықты сай шатқалы аймағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, 50 қап қоқыс жинады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Эко-Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин бұл сенбілік — шатқал маңын тазарту ғана емес, жас мамандар мен студенттердің тарихи-сәулет мұрасымен танысуына тамаша мүмкіндік екенін айтты.
- Экологиялық акция аясында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктің әр қатысушысы тарихи орынға келіп өзіне эстетикалық, мәдени бір жаңалық ашады. Маңғыстау — әр зерттеуші өзіне жаңа бір тақырып таба алатын таңғажайып өлке. Туған жерім Маңғыстау болса да, Ыбықты сайына алғаш рет келіп тұрмын,- деді эколог.