Маңғыстауда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 14-18 тамыз аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы діни экстремизмнің таралуының алдын алуға бағытталған семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аталған кездесулерге теологтар, дінтанушылар тартылды. Олар - Шәкизада Сырым, Калманов Мейірбек, Пиязбек Айтмаханбет, Абылов Тұңғыш.
Ақпараттық топтың қатысуымен Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Қарақия аудандарындағы теңіз жаяу әскерлеріне, жаттықтырушылар мен жас спортшылар, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер, вахта қызметкерлері, мешіт жамағаттарына семинарлар мен кездесулер өткізілді.
Іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.