Бұған дейін хабарланғандай, 13 тамызда №3 энергоблоктың авариялық жөндеуде болуына және «МАЭК» ЖШС электр станциясында №1 ЖЭС энергоблогының тоқтауына байланысты «КЕГОК» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы диспетчерінің келісімімен электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Өңірде облыс басшылығының төрағалығымен жедел штаб ашылды. Жедел штабтың құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдері кірді. 13-14 тамызға қараған түні жедел штаб жұмысы барысында бірінші санаттағы объектілерді (Әлеуметтік және денсаулық сақтау объектілері) электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Өңірдің елді мекендерін электр энергиясымен пропорционалды қамтамасыз ету үшін уақытша ажыратуды "тиімді" тәсілмен қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл, аймақтарға сәйкес, тұтынылатын энергия көлемін шектеу мақсатында тұтынушыларды 3-тен 5 сағатқа дейінгі электр желісінен циклдік ажырату жүргізілетінін білдіреді.
Бұл шара «МАЭК» энергоблоктарындағы апат жойылғанға дейін жалғасады.
Ірі өнеркәсіптік нысандарға берілетін электр энергиясына да шектеу қойылмақ. Жедел штаб электр энергияны тез арада қалпына келтіру мақсатында бірқатар шараларды қабылдауда.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев жауапты тұлғаларға барлық коммуналдық қызметтердің үйлесімді жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ «МАЭК»энергоблоктарындағы апат жойылғанға дейін өнеркәсіп тұтынушылары мен тұрғындарға электр энергиясын үнемді пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді айтты.