8 маусым күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен «Адай Ата - Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Ұлы дала жорығы-2024» бәйгесінің 2-орын жеңімпазы «Көкмойнақ» командасын салтанатты қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осымен 3-ші жыл қатарынан «Ұлы дала жорығы» бәйге марафонына қатысып келе жатқан маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасы 2022 жылы бас жүлдені иемденді. Ал 2023 жылы аталмыш жарыста Маңғыстау облысының “Адай” жылқысы 1300 шақырымды шауып өтіп, рекорд жасады. Биыл да 5 күнге созылған бәйгеде «Көкмойнақ» командасы мәреге екінші болып жетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай дүбірлі додадан жеңіспен оралған «Көкмойнақ» командасын құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
- Бұл күллі қазақ жұртына ортақ жеңіс. Бағы мен бабы қатар шапқан шабандоздар әлі де биік белестерді бағындырарына сенімім мол. Осы орайда, 2-7 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынынында жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.