Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен маңғыстаулық 8 полицей арнаулы атақтарын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қызметкерлерге шендерін бас ғимараттың алдында өткен саптық жиын барысында ПД бастығы полиция полковнигі Сағындық Аяғанов тапсырды.
Бұл сегіз қызметкердің ішінде арнаулы атағын 17 жылдан кейін алған Манас Исаев бар.
Бұдан бөлек, ведомство бастығының бұйрығымен төрт полиция қызметкеріне кіші және орта басшы құрамның арнаулы атақтары табысталды.
— Барлықтарыңызды құттықтаймын. Қызметте ең бастысы — антқа адал болу. Сәттілік тілеймін, - деп атап өтті Сағындық Күзембайұлы.