Әлеуметтік желіде Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында, мектеп оқушылары автокөлікті басқарып, жол көлік оқиғасына ұшырағаны тарап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көлік ішінде 8,9-сынып оқитын 4 бала болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
“Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді”, - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.