11 сәуір күні Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Атыраудағы жағалауды нығайту жұмыстарына техника жіберілді. Оның ішінде 4 экскаватор, 5 тиегіш және ПАЗ маркалы 1 автобус бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Арнайы техниканы "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Ақтау теңіз сауда порты ҰК" АҚ, "Гатин" ЖШС, "ОндасынСтрой" ЖШС, "Ас-құрылыс" ЖШС, "Альянс LTD"ЖШС сияқты өнеркәсіптік кәсіпорындар бөлді.
"Сонымен қатар, Атырау облысына 20 маман кетті. Олар осы техниканың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша осындай шешім қабылданды. Арнайы техника "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ ұсынған 10 платформаға тиелді. Құм салынған қаптар мен өзге де құрал-жабдық жабық вагонмен жөнелтіледі", - деді Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.
Техника Атырауға 1,5 күннен кейін жетеді.