Ақтау-Жаңаөзен тасжолындағы апаттан 71 жастағы жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғаның 21 желтоқсан күні кешкілік болғаны анықталды. Сағат 19:10 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 15/771 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай «Камаз 5511» көлігіне барып соғылған. Нәтижесінде 71 жастағы әйел адам қайтыс болды.
Сонымен бірге, жарақат алған төрт адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың екеуі алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апатынан кейін қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалды. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.