ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде жеміс шырыны бір жылда 13,7 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осының ішінде өңірлер арасында айтарлықтай баға өскен аймақтар Батыс Қазақстан (43,6%), Солтүстік Қазақстан (23,9%) және Маңғыстау (22,4%) облыстары болып тіркелген.
Ал көкөніс шырыны орташа есеппен 14 пайызға қымбаттаған. Бағаның ең көп өсімі Батыс Қазақстан (28,7%), Жамбыл (22%) және Солтүстік Қазақстан (21,9%) облыстарында байқалған.