EQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша, 1 маусымнан 23 шілдеге дейін еліміздің қонақ үйлерінде 250,5 мың шетелдік болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш еседен астам, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып.
72% - ТМД елдерінен келген туристер (өткен жылы 77%).
Басқа елдерге келетін болсақ, Моңғолиядан келген туристер саны 11,6 есе (489 – дан 5,7 мыңға дейін), Қытайдан – 8,5 есе (2,2 мыңнан 18,9 мыңға дейін), Үндістаннан – 4,7 есе (1,2 мыңнан 5,9 мыңға дейін), Оңтүстік Кореядан-3,8 есе өсті (939-дан 3,6 мыңға дейін), Ираннан – 3,8 есе (237 – ден 897-ге дейін), Германиядан-3 есе (1,6 мыңнан 5 мыңға дейін), АҚШ-тан-2,2 есе (1,2 мыңнан 2,8 мыңға дейін) артты.
Қонақтардың көпшілігі Алматыда (1 маусымнан 23 шілдеге дейін 77,3 мың турист), Астанада (38,5 мың турист), Алматы облысында (19 мың турист) және Маңғыстау облысында (15,1 мың турист) демалған.