Маңғыстау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының тобы жыл басынан бері үш ай ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Облыстың ПД-не сілтеме жасап.
Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасы саласында 5 қылмыс фактісі тіркелді. Атап айтқанда, ҚР ҚК 339-бабы бойынша (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай - ақ өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз жұмыс істеу) - 3 қылмыс, ҚР ҚК 335-бабы бойынша (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) екі қылмыс тіркелді.
Сондай-ақ, аталған кезеңде 175 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 4, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша (жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзу) -134, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (қалаларды қорғау және елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, )- 33, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (қоғамдық орынның ластануы) - 4 құқық бұзушылық, барлық құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама жасалды. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұрғындардан барлығы 308 кг 950 грамм бекіре балығы тәркіленді.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының полицейлері азаматтарға браконьерлік және табиғатты қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды бұзбауға шақырады.