ТМД елдерінің ішінде ең қымбат такси Қазақстанда. 2023 жылғы желтоқсанда такси бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,1% қымбаттаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлерде баға өскенін, әсіресе Алматы тұрғындары сезді. Себебі мұнда такси бағасы бір жылда 30,3% қымбаттаған. Екінші және үшінші орындарда 22,1 және 17%-бен Ақтөбе мен Абай облыстары тұр.
Ал, такси бағасы айтарлықтай қымбаттамаған өңір – Маңғыстау облысы (1,2%). Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында да такси қызметінің бағасы өспеген.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы бір жылда 17%, 5,9 млрд теңгеге дейін артқан.
Қазақстандағы такси құны 0,61 доллар болды. Бұл – ТМД елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Әзербайжанда стандарт тарифпен бір шақырым жол жүру – 0,59 доллар, Ресейде — 0,34 доллар, Украинада — 0,32 доллар, Беларусияда — 0,31 доллар, Армения мен Өзбекстанда — 0,3 доллар болған.