БҰҰ миссияларына қатысатын әскерилердің әрқайсысына ай сайын 1000-1500 доллардан төленеді. Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
БҰҰ миссиясыларына қатысуға Қазақстан 430 қарулы күштердің әскерін жібереді. Министр әскерилер 4 елде бір жыл бойы ешқандай қақтығыстарға қатыспай, түрлі бітімгершілік күштердің функциясын орындайтынын атады. Әр әскери қызметкерге БҰҰ тарапынан ай сайын 1000-1500 АҚШ доллар аралығында қаржы төленеді. Бұл әскерилердің еңбек жағдайы мен тәжірибесіне қарай беріледі. Осылайша, әскерилер бір жылда 5 млн теңгеге дейін қаржы алатын болады.
Руслан Жақсылықов бірінші 139 әскери қызметкер Голан биіктіктеріне аттанатынын айтты.
«Ротаның құрамында 139 әскери қызметкер. Атап өткім келеді, олардың арасында мерзімді әскери қызметшілер жоқ. Тек қана әскери мамандар барады. Сонымен қатар, келісім бойынша келген әскери қызметшілер мен оқу-жаттығудың барлық циклінен өткен офицерлер бар. Бұл лицензиясы бар халықаралық заңнама. Оны оқу-жаттығу мен дайындық барысын тексерген, лицензия берген комиссия өкілдері өте жоғары деңгей деп баға берген», - деді министр мәжіліс кулуарында.
Министр әскерилерді қандай талаптарға сай таңдап алғанын да жеткізді.
- Біріншіден, бітімгершілік күштерді біз моральды, жұмыс істеу сапасына қарай таңдап аламыз. Мысалы, олардың денсаулығына, әскери дисциплинасына, жеке басының дайындық деңгейіне және тиісінше тіл білу деңгейіне қараймыз, - деді ол.
Р. Жақсылықов әскерилердің қауіпсіздігіне байланысты сұраққа: «Жалпы әскери қызмет саласында өзіндік қиындықтарымен, қауіптерімен әрдайым тәуекел аймағында жүреміз. Тіпті бейбіт кезде де. Ешкімде ешкімге кепілдік бере алмайды», - деп жауап берді.
Министрдің айтуынша, БҰҰ миссиясына қатысу үшін әскери жабдықтарды және қару-жарақ пен техниканы тасымалдауға мемлекеттік бюджеттен 8 млн теңге бөлінген.
Бүгін Қазақстан әскерін Таяу Шығыс пен Оңтүстік Суданға жіберу ұсынылып, Парламент тиісті қаулыны қабылдады. Онда қорғаныс министрі осының негізінде Конституциясының 53-бабының 5-тармақшасына сәйкес БҰҰ-ның төмендегі миссияларына Қазақстан әскерін жіберуді ұсынған еді. Оның ішінде Сирия – Израиль, Палестина – Израиль, Оңтүстік Судан секілді мемлекеттерге бару мәселесі қарастырылған.