
Маңғыстау облысы ҚІЖМА сотымен екі шетел азаматына қатысты алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған деп айыпталған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс ҚР ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша қаралды.
Сотталушылар қасақана, пайдақорлық ниетпен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшерде есірткі, не сол тектес психотроптық заттарды контрабандалық жолменен Ираннан Қазақстан аумағында өткізу мақсатында, мемлекеттiк шекара арқылы, заңсыз өткізу туралы шешім қабылдаған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде сотталушылардан героин (109,34 гр.), метамфетамин (4,48 гр.), опий (23,56 гр.), метадон (8,70 гр) сынды есірткі және психотроптық заттары алынған.
Сотталушылардың кінәсі олардың мойындау туралы жауаптарымен қатар, куәгерлердың берген айғақтарымен, заттай дәлелдемелер мен істің басқада материалдарымен дәлелденді.
Прокурор соттан сотталушылардың әрқайсысына 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындауды сұрады.
Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінді.
Сот сотталушыларға жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайға қарады. Кінәні толық мойындап, шын ниетпен өкінулерін ескеріп, ал ауырлататын мән-жайларды таппаған.
Сотталушылар ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабының 3-бөлігінің 1,3- тармақтарымен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.