«Түпқараған жастары»жастары бірлестігі грант жеңімпаздарына «Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша оқыту семинарын» өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Семинар барысында жоба жеңімпаздары әлеуметтік жобаларды қалай жазуға болатындығын, әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін, өзге де қаражат табу жолдарын үйренуде.
Еске салайық, бұған дейін де «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның алғашқы кезеңінде шағын грантқа 175 азамат өтінім тапсырып, оның ішінен 40 жеңімпаз 500 000 теңгелік қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізген болатын.