8-9 ақпан аралығында Маңғыстау облысында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің құралдарының көктемгі кезеңге дайындығын тексеру, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу аясында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шараларды одан әрі жетілдіру бойынша өңірдің ескерту жүйесі, төтенше жағдайларды жою бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныс қызметтері мен қалалар мен аудандардың бөлімшелерінің дайындығы, жедел штабтардың жұмысы тексеріледі.
Оқу-жаттығулар барысында Ақтау қаласының 33, 30 шағын аудандарындағы жолдарда көлік қозғалысын шектейтін практикалық іс-шаралар өткізіледі.
«Осыған байланысты қала және облыс тұрғындарын сабырлық сақтап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті.