Полицейлер өңір тұрғындары үшін "Жолда қабылдау" республикалық кең ауқымды акциясын ұйымдастырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Акция 14-15 шілде күндері сағат 9:00-мен 18:00 аралығында өтеді. Маңғыстау облысы полиция департаменті бойынша акция мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізіледі. Ал аудандарда акция полиция бөлімдерінің фронт-офистерінде болады.
Ақтау қаласы ПБ - Ақтау қаласы, 24 ш/а, 5 ғимарат;
Жаңаөзен қаласы ПБ - Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ ш/а, Губкин көшесі 20 ғимарат;
Мұнайлы ауданы Пб - Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы 15-ші квартал, 13/5 ғимарат;
Қарақия ауданы Пб - Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, 14 "а" ғимарат;
Маңғыстау ауданы Пб - Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Иса Тіленбайұлы көшесі, 2 ғимарат;
Түпқараған ауданы Пб - Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Б.Маяұлы көшесі, 7 ғимарат, "Аманат" партиясының қоғамдық қабылдау алаңдары;
Бейнеу ауданы Пб - Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Д.Тәжиев көшесі, 5А ғимарат.
Акция барысында азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгіну мүмкіндігі бар.