Қаракөл көлінен табылған аққулардың өлекселерінен сараптама нәтижесінде құс тұмауы анықталды. Қазір қалалар мен аудандардың ветстанциялары құс ауруына қарсы белсенді түрде вакциналау жұмысын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыста құс тұмауының жаппай таралу қаупін болдырмау мақсатында дәрігерлер аудандарға барды.
- Мұнайлы ауданына дәрігерлер 206 мың доза вакцина әкелді. Маңғыстау облысында бұрын құс тұмауы тіркелмеген. Жаппай инфекцияны болдырмау үшін құс малына жедел вакцинация жүргізіліп жатыр. Сақтық шараларын сақтай отырып, адам үшін құс тұмауын жұқтыру қаупі жоқ. Қазір вакциналаудан басқа, біз халық арасында, құс фабрикаларының қызметкерлері арасында бірыңғай жұмыс жүргізіп жатырмыз, құстардың қандай белгілерге назар аудару керек екенін айтамыз, - деді Мұнайлы ауданының ветеринариялық станциясы директорының орынбасары Әбжет Бекмурзин.