«Сергек» бейнебақылау жүйесі облыс әкімдігінің жанындағы орталық жолға, сондай-ақ 11 шағынауданға орнатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Енді полиция қызметкерлері камералардың көмегімен заңға қайшы әрекеттерге жылдам шара қолдана алады. Мұнда жазылған бейне 30 күн сақталады.
Еске салайық, қыркүйек айында Маңғыстау облысының әкімдігі «Маңғыстау облысында фотобейне тіркеу және бейне талдау жүйесін құру және пайдалану» МЖӘ жобасын іске асатынын хабарлаған. Соның аясында жыл соңында 108 жылдамдық өлшегіш нүктесі мен Ақтау қаласында 102 бірлік бейнебақылау камерасы орнатылады. Сондай-ақ Мұнайлы ауданындағы елді мекендерге 40 жылдамдық өлшегіш нүктесі және 300 бірлік бейнебақылау камерасын орнатылуы жоспарланған болатын.