Маңғыстау облысында суретшілерге арналған ашық пленэр «Tree of life»кешенінде, салтанатты түрде жабылды. Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясының 20 жылдығы тақырыбына арналған қазақстандық суретшілердің бірінші пленэрі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Қызықты шара бес күнге созылып, сенбі, 2 қыркүйек күні мәдени шараның қорытындысы шығарылды.
Пленэр жұмыстарының көрмесінде осы шара барысында жасалған жұмыстар ұсынылды. Бұл 10 суретшілердің еңбектері, олардың арасында болған көрнекті суретші Әбілхан Қастеевтің немерелері – Сауран Қастеев пен Дәурен Қастеев.
Маңғыстау облыс тұрғындарының қонақжайлылығының арқасында ерекше әсерлі оқиға болды. Көрме арқылы жастарға бейнелеу өнерінің құндылығын көрсету басты мақсатымыз болатын. Сондай-ақ Маңғыстаудың Бозжыра, Айрақты даулары сияқты көрікті жерлерін аралау мүмкіндігіне ие болдық. Маңғыстауға тағы да міндетті түрде келемін, – деді Сауран Қастеев.
Пленэрдің жабылуында облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев өнер қайраткерлеріне өңірдің мәдени әлеуетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.