Былтыр республикалық бюджеттен ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға 13 миллиард теңге, ал жергілікті бюджеттен 2,2 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Яғни, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 13,263 миллиард теңге, несиелерге кепілдік беруге 1,7735 миллиард теңге, жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар беруге 250 миллион теңге бөлінген.
Бұл жөнінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.
Маңғыстау облысында 2023 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары іске асқан. Бұл шараларға республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, микрокредиттер бойынша портфельдік субсидиялау, ішінара кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ кәсіпкерлерді қаржылық қолдау кіреді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық жоба шеңберінде 1 668 жобаның 57,8 миллиард теңге сомасындағы несиесіне қолдау көрсетілген. Бұл 410 жаңа жұмыс орнын құруға және 777 жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік берген. Яғни сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 48,2 миллиард теңге сомасына 1 015 жобаға, 9,6 миллиард теңге көлеміндегі кепіл сомасына 653 жобаға қолдау көрсетілді.